Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты. Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе жолдары ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Оқиғаға қатысты Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдап, қажетті көмек көрсетеді,-деді президент.