Түркістан
EN

Биыл 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді

34
25.12.2024

Биыл Түркістан облысында 1 млн 35 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,3 пайызға артық. Тұрғын үймен қамту мақсатында аудан, қалаларда арендалық және ипотекалық баспаналар салынып жатыр. Нәтижесінде, өңірдегі кезекте тұрған 5 мыңнан аса отбасының баспана мәселесі шешіледі. Осы жылы жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 379,1 млрд теңгеге жетіп, өсім 131 пайызға жеткен.