Түркістан
EN

100 жылдық мерейтойын атап өткен 20-дан астам қазақстандық құжат алды

89
24.12.2024

Түркістан облысы Жетісай ауданының полицейлері жаңа жыл қарсаңында өңірдің ең қарт тұрғынына жаңа жеке куәлік пен төлқұжатты тапсырды. Сақшылармен сәлемдесуге 110 жастағы Оңай Бекбаеваның шамасы келмеді. Алайда, балалары ыстық ықыласпен қарсы алып, алғыстарын жеткізді. Қария 3 қыз, 2 ұлынан 33 немере, 25 шөбере тәрбиелеп отыр. Жалпы, биыл 100 жылдық мерейтойын атап өткен 20-дан астам қазақстандық құжат алды. Ішкі істер министрлігі көші – қон қызметі комитетінің дерегінше, елімізде 1,5 милионнан астам жеке куәлік пен 2,5 миллион төлқұжат берілген.