Түркістан
EN

Облыс әкімі Түрксой жазушылар одағының төрағасымен кездесті

121
24.12.2024

 Түркістанға ақын, ТҮРКСОЙ жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет келді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды қаламгерлермен кездесіп, пікір алмасты. Кездесу барысында бірқатар ұсыныстар айтылды. Қазақ әдебиетінің дамуы, жастарды кітап оқуға баулу секілді өзекті мәселелер талқыланды. Ұлықбек Есдәулет Түркі дүниесі кітаптарының көрме-жәрмеңкесін Түркістанда өткізуді ұсынды. Бұл қазақ кітаптарының шетелге танылуына, насихатталуына зор мүмкіндік болмақ. Бұл тұрғыда халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымынан қолдау болатынын да жеткізді.