Түркістан
EN

Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 4 трлн теңгеден асты

163
24.12.2024

Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 11 айда 4 трлн теңгеден асты. Оның 1 млрд. теңгеден астамы ауылшаруашылық саласына тиесілі. Өңір бұл көрсеткіш бойынша республикада көш бастап тұр. Экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу мәселесі облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде айтылды. Өңір басшысының тапсырмасымен аудан, қалаларды дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Оған тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, келер жылдан бастар рейтинг әзірленбек.