«Жылу, энергия және сумен жабдықтау іс Үкіметтің бірінші кезектегі міндеті саналады». Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобанын орындалуы бойынша кеңес өткізген Премьер-министр Олжас Бектенов осылай деді. Айтуынша, 2029 жылға дейін аталған мақсатқа 6,8 трлн теңге бағытталады. Айта кетейік, бұл жоба инженерлік желілердің тозу деңгейін төмендетуге, коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған.