Түркістанда жыл қорытындысына сәйкес қаланың дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар марапатқа ие болды. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай» арнайы медалімен 2 адам, "Түркістан қаласына сіңірген еңбегі үшін" төс белгісімен 7 адам марапатталды. Сонымен қатар 9 азамат Түркістан қаласының құрметті азаматы атағын алды. Қалалық әкімдік ғимаратында өткен салтанатты іс-шараға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысып, медицина, білім, құқық қорғау, әлеуметтік, қоғамдық саладағы үздіктерге марапаттарды өзі табыстады.