Еліміздің аумағынан өтетін шетелдік жүк көліктерінен бір тиын пайда түсіп жатқан жоқ. Олар ақылы жолмен жүрсе, тура сол тарифті төлейді, мемлекет субсидиялайтын арзан жанармай пайдаланады. Тасжолды тас-талқан еткенімен қоймай, жол жиегіндегі автосервистерді де пайдаланбайды. Демек, олардың пайдасынан зияны көп. Осылай деген мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы бүгінгі үкімет сағатында көлік министріне биыл қазынаға түскен қаржының есебін сұрады.