Түркістан
EN

Жиһаз цехы өртенді

34
23.12.2024

Абай облысында жиһаз цехы өртенді. Жайсыз жайт Семей қаласындағы екі қабатты ғимаратта болған.  Цехтың бірінші қабатында тақтайлар мен ағаш үгінділері тұтанып, екінші қабатқа ауысқан. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар қызыл жалынды ауыздықтап, 250 ш.м.  өртті сөндірді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.