Енді түркістандықтар Сарыағаш, Жетісай мен Шардара аудандарына ұшақпан баруы мүмкін. Ол үшін шағын авияциялы әуе рейстері іске қосылмақ. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалағымен өткен кездесуде айтылды. Одан бөлек Жезқазған және Ташкент пен Самарқандпен де әуе байланысын қалыптастыру көзделіп отыр. Қысқа қашықтықтарға жолаушылар тасымалдауға Чехияда шығарылған 19 орындық L410 ұшақтарын пайдалану жоспарлануда. Бір ұшақтың құны – 4,8 млрд теңге. Рейстерге мүмкіндік жасау үшін Жетісай мен Сарыағашқа аэрадром салынбақ. Қазір қаржыландыру көздері анықталып жатыр. Тараптармен келіссөздер жүргізіледі.