Түркістан облысында заңсыз тұрмыстық химия өндірісімен айналысқан жерасты цехы анықталды. Заң бұзушылықты әділет органдары қызметкерлер әшкереледі. Аталған цех Келес ауданы аумағында Өзбекстан Республикасының шекарасынан 50 шақырым жерде орналасқан. Жоспардан тыс тексеру барысында «Белизна» тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі анықталды. Нәтижесінде дайындалған 1500 бірліктен астам жалған өнім тәркіленді. Жалған өнім қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмейтін арзан және сапасыз компоненттерден жасалған. Бүгінде кінәлілерді жауапқа тарту мәселесіне қатысты іс материалдары Әділет департаментінің қарауында.