Түркістан облысында биыл 87 елдімекенннің әкімі сайланды. Оның 68-інде тұрғындар өз басшыларын тікелей таңдады. Қалғанында жанама сайлау өткен. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған науқанға қатысу үшін жалпы 236 кандидат тіркеліпті. 139-ы өзін өзі ұсынған.