Түркістандық жастар енді баспаналы болады! Өңірде «Тұран жастары атты» ипотекалық бағдарлама іске қосылмақ. Бұл туралы Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының қорытынды жиынында мәлім болды. Ұйымның төрағасы облыстағы журналистердің тек 20 пайызы жастар екенін айтты. Алайда сала мамандарына әлеуметтік қолдау жоқ. Енді жастарды үймен қамтамасыз ететін бағдарлама қашан іске қосылмақ? Осы жиында журналистер одағының мүшесі атанған әріптесім Назым Қайратқызы айтып береді.