Әлемдегі уранның 40 пайызы Қазақстанда өндірледі. Ал табиғи қоры жағынан Австралиядан кейін екінші орында. Дүниежүзі бойынша барланған кен орындарының 13 пайызына иелік етеді. Ал оны іздеу мен барлау жұмысы тіптен қиын. Қақаған қыста, аптап ыстықта тынбай еңбек ететін азаматтардың ел дамуына үлесі зор. Қарапайым қызметкер жайлы Айдос Игіліковтің бейнематериалында.