Жүргізушілерге құлаққағыс! Ел аумағында ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыстағы жол жабылды. Алматы облысында «Алма-Тау туристік орталығына кіруге тиым салынып, кей ауылдарда қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Ал, Жамбыл облысында Республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 534-593 шақырымы аралығында жүруге болмайды. Сондай-ақ, Түркістан облысы бойынша Жамбыл облысының шекарасынан – Қарабұлақ ауылына дейінгі жолда көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылған.