Түркістандық оқушылар республикалық олимпиададан топ жарды. Олар Астанада өткен республикалық олимпиадада “Ең үздік олимпиадалық команда» атағын жеңіп алды. Мұнда ауыл мектептерінде оқитын балалар арасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жарыс өткен болатын. Олимпиаданың соңғы кезеңіне облысымыздан 41 оқушы қатысып, оның 23-і жеңімпаз атанды.Түркістан облысының қоржыны 7 алтын, 4 күміс, 12 қола медальмен толықты. Бұл балалар – өңіріміздің ең шалғай аймақтарынан келген дарынды жастар. Ауыл мектептерінің талантты оқушыларын анықтау мақсатындағы олимпиада оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың тікелей тапсырмасымен биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.