Түркістан
EN

Олжас Бектенов Қостанай облысының индустриялды аймағында болды

42
20.12.2024

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. Үкімет басшысы еліміздегі автомобиль шығаратын жетекші кәсіпорындардың бірі «СарыарқаАвтоПром» компаниясының жұмыс барысымен танысты. Зауыттың бас директоры Сырым Семейбаев 2024 жылы шығарылатын өнім көлемін 90 мың автомобильге жеткізу жоспарланып отырғанын айтты. Өндіріс желісінде JAC, Kia, Chevrolet, Jetour, Hongqi, Skoda сияқты брендтер ұсынылған.