Түркістан
EN

Бекболат Тілеуханның депутаттықтан кетуі жанжалмен аяқталды

90
30.12.2021

Бекболат Тілеухан депутаттық мандатынан айрылды. Ол Орталық сайлау комиссиясына жұмыстан босату туралы өтінішті өзі берген. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды. Үш шақырылымда депутаттық мандатқа ие болған Бекболат Тілеухан енді Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының бірінші вице-президенті қызметін атқарады. Мәжіліс Төрағасы Бекболат Қанайұлының жаңа жұмысына табыс тілеп, Алғыс хатты табыс етті.