Теріскей тұрғындары қуаныштан көз жасына ерік берді. Бүгін Түркістан облысы, Созақ ауданының 48 отбасы баспаналы болды. Талай жыл кезекте тұрғандар, жаңа жылды, жаңа баспанада қарсы алады. Пәтер кілтін алғандардың дені әлеуметтік осал топтағы жандар , көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Халықты құттықтауға келген Облыс әкімінің Орынбасары кілтті салтанатты түрде табыс етті. Тұрғындардың қуанышын әріптесім Айдос Игіліков бөлісіп қайтқан еді.