Түркістан
EN

Түркістан облысында мал қалдықтарын терең өңдейтін бірегей жоба жүзеге аспақ

108
19.12.2024

Түркістан облысында мал қалдықтарын терең өңдейтін бірегей жоба іске асырылмақ. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды қытайлық инвестормен кездесіп, жаңа жоба барысын жан-жақты талқылады. Сиырдың сүйегінен сан түрлі өнім шығаратын өндірістік кешенді өңірдегі индустриалды аймақта салу жоспарлануда. Бірегей жоба пайдаланылмаған ірі қара малдың сүйектерін озық биотехнологиялардың көмегімен экономикалық құндылығы жоғары өнімдерге қайта өңдеуге бағытталған. Аймақ басшысының айтуынша бұл бағытта Түркістан облысының әлеуеті жоғары.