Түркістан
EN

427 млн теңге негізсіз кіріс анықталды

110
19.12.2024

Жыл басынан бері Түркістан облысында су, жылу, электр, газ секілді тіршілік қажеттіліктеріне тұтынушылардан артық ақша алғандар анықталды. Негізсіз кіріс деп танылған 427 млн теңгеден астам қаржы тұрғындарға қайтарылмақ. Ал 32 табиғи монополия субъектісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, 20 млн теңге көлемінде айыппұл белгіленген. Бүгінде оның 17 млн-ы мемлекет пайдасына өндірілген. Бұл туралы Ұлттық Экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Қалибеков айтты.