Түркістан облысында заңсыз сауда жасаған 80-нен астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Құзырлы органдар жүргізген рейд жұмыстарының нәтижесінде олардан, 500-ге жуық салют яғни сертификаты жоқ пиротехникалық бұйымдар тәркіленген. Заң бойынша оларға 4 млн-ға жуық айыппұл салынды. Түркістан қаласында 22 дерек тіркеліп отыр. Бұл - тәртіп бұзушылықтың ең көп дерегі. Дәлірек айтсақ, Сарыағаш ауданында - 12, Мақтаарал мен Келесте – 7 жағдай орын алған. Жауаптылар мұндай бақылау жұмыстарының әлі де жалғасатынын айтады. Өйткені қайғылы жағдайдың алдын осылай ғана аламыз дейді. Сондай-ақ тұрғындарға сапасыз пиротехника бұйымдарымен қолданудың салдарын айтып, заңдылықты сақтауды талап етіпті.