Түркістан
EN

Олжас Бектенов Dalian Group холдингі басшылығымен бидайды өңдеу кәсіпорнын салу мәселесін талқылады

30
19.12.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов Dalian Hesheng Holdings компаниялар тобының басқарма төрағасының орынбасары Ма Хуньхан бастаған қытай делегациясымен кездесу өткізді. Жиында аграрлық саладағы инвестициялық ынтымақтастық жайы, сондай-ақ көмір химиясы мен машина жасау салаларындағы жобалар талқыланды. Қытай тарапы Ақмола облысында бидайды тереңдете өңдеу бойынша зауыт салуға ниетті. Премьер-министр астық жинауда рекордтық көрсеткіштерге жету үшін бидайды қайта өңдеу аса маңызды екенін жеткізді.