Түркістан
EN

Шаруаның 16 жылқысын тауып берді

26
19.12.2024

Полицейлер ауыл тұрғынының жоғалған 16 жылқысын тауып берді. Қазығұрттық азамат күн суытып, тұманды күні жайылып жүрген жылқыларын ұшты-күйлі жоғалтып алған. Олардың жалпы құны 14 миллион теңге  шамасында. Тұрғын түліктерін 2 күн бойы іздеп таба алмады. Амалы құрып, аудандық полиция бөлімінен көмек сұраған. Тәртіп сақшылары мал егесімен бірге қызметтік көлікпен айналаны шолып шықты. Осылайша жоғалған жылқылар 20-25 шақырым жердегі Шарбұлақ ауылының маңындағы жайылымнан табылды.