Түркістан
EN

Қостанай қаласының маңында пойыз бен көлік соқтығысты

40
30.12.2021

Пойыз бен көлік соқтығысып, бір адам ауыр жарақат алды. Оқиға бүгін таңертең Қостанай қаласының шет жағындағы теміржол өткелінде болған. Полицияның мәліметінше «Шевролет» көлігін тізгіндеген жүргізуші бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанына қарамастан, пойыздың жолын кесіп өтуге әрекеттенген. Салдарынан «Нұр-Сұлтан – Орал» бағытындағы жолаушылар пойызы көлікті соғып, шамамен 200 метрдей жерге сүйреп, бір-ақ тоқтаған. Ал осы апат кезінде ауыр жарақат алған автокөлік жүргізушісі ес-түссіз күйінде ауруханада жатыр.