Түркістаннан Ресей мен Әзербайжан астаналарына тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін. Бұл жайында Мәжілістің жалпы отырысында мәлім болды. Жалпы, көне шаһарға заң аясында ерекше мәртебе берілсе экономикаға тікелей әсер етер туризм, инвестиция секілді салаларда нендей өзгеріс болады? Қала аумағында салынатын құрылыс нысандарына қандай талаптар қойылады? Дәл осы сұрақтарға тілшіміз Бақдәулет Анарбай бүгін мақұлданған заң жобасынан жауап іздеп көрген болатын.