Түркістан
EN

Жұмыстарды сапалы орындамағаны үшін 136,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

217
18.12.2024

Жыл басынан бері елімізде жол саласындағы жұмысты сапасыз орындағандарға 136 млн теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ, жол-құрылыс жұмыстары барысында 2900 ақау анықталып, оның 2700-і жойылғанымен, қалған ақауларды түзету жұмыстары әрі бітпепті. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді. Оның айтуынша, соттың шешімімен республикалық автожолдарды жөндеу жұмыстарын талапқа сай орындамаған 8 мердігер компания жосықсыз ұйымдар тізіміне енгізіліпті. Барлық жұмыстарды жол активтерінің ұлттық сапа орталығы бақылауға алған.