Түркістан
EN

Шектеу қойылған азаматтар әлі күнге дейін құмар ойын ойнап жүр

217
18.12.2024

Құмар ойынына шектеу қойған заң, ойынқұмар азаматтарға кедергі болмай тұр. Елімізде мұндай 3,5 млн нан астам қазақстандық бар. Оларға борышкерлердің бірыңғай тізіміндегілер, өз-өзін ойыннан шектегендер кіреді. Десе де олар әлі күнге дейін құмар ойын ойнап жүр. Бұл туралы бүгінгі мәжілістің жалпы отырысында депутат Нартай Аралбайұлы айтты. 9-қыркүйектен бастап Ойын бизнесіне қатысты заң жобасы күшіне енгенімен оның солқылдақ тұсын пайдаланып жүргендер көп. Депутат заңды қатаңдатуды сұрап үкімет басшысы Олжас Бектеновке сауал жолдады.