Биыл еліміздегі 470 мың гектар егіс алқабы су үнемдейтін технологиямен суарылды. Бұдан бөлек, 58 мың гектарға жуық жер лазерлік жоспарлаушы арқылы тегістелді. Бұл іс-шаралар суармалы су шығынын азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Еске салсақ, су ресурстары және ирригация министрлігі «2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеудің жол картасын» әзірлеген болатын. Жоспарда 39 іс-шара қарастырылған. Министрлік осы мақсатта жүйелерді орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты. Сондай-ақ, жауаптылар 2030 жылдың соңына қарай жыл сайын 2,2 млрд текше метрге дейін су үнемдеуді жоспарлап отыр.