Түркістан
EN

Министр: "Тұрғын үй халыққа қолжетімді болуы керек!"

112
29.12.2021

Тұрғын үй халыққа қолжетімді болуы тиіс. Сол себепті баспана бағасы төмендету керек. Мұны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді. Министр қазіргі уақытта Монополияға қарсы комитетпен бірлесіп бағаны реттеу бойынша кешенді шаралар қарастырылып жатқанын баса айтты. Жалпы 2025 жылға дейін 103 миллион шаршы метр тұрғын үй салу көзделіп отыр. Бұл дегеніміз 970 мыңнан астам отбасы баспанамен қамтылады деген сөз. Осы орайда құрылыс материалдарының қымбаттауына жол бермеу маңызды. Ол үшін құрылыс саласын цифрландыру қолға алынды.