Түркістан
EN

Диқандардың шығыны азаяды

65
18.12.2024

Су үнемдеу технологияларын енгізген диқандардың шығыны азаяды. Яғни олар пайдаланған судың 85 пайызы мемлекет тарапынан өтеледі. Үкімет су үнемдеу технологиясын жеделдетіп енгізу мақсатында 2026 жылға дейінгі жол картасын бекітті. Аталған құжатта су саласын цифрландыру, су нысандарын есепке алу және жабдықтау жүйелерін жаңғырту іс-шаралары көзделген. Қазір ел бойынша 380 мың гектардан астам аумақта су үнемдеу технологиялары қолданылады. Жыл басынан бері 70 мың гектар егіс алқабына енгізілді. Су ресурстары және ирригация министрлігі 2030 жылға қарай республикадағы суармалы жерлердің жартысынан астамын қамтуды жоспарлап отыр.