Түркістан
EN

400 доза мефедрон тәркіленді

54
18.12.2024

Түркістанда есірткі таратушыдан 400 доза мефедрон тәркіленді. Заңбұзушылық Жетісай ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шарасы барысында анықталған. Жас жігіт синтетикалық есірткіні заңсыз сақтап, жасырып кетумен айналысып жүрген. Күдіктіден полиэтилен пакеттерге салынған 60 орама есірткі тәріздес зат табылды. Сараптама нәтижесінде алынған заттың салмағы шамамен 200 грамм, яғни 400 дозаға жуық мефедрон екені анықталып отыр. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.