Қыстың қақаған суығында Түркістанда тропикалық өсімдіктер жайқалып тұр. Таяуда ғана ашылған «Жастар саябағындағы» ботаникалық бақта әртүрлі құрлықтан әкелінген өсімдіктер бар. Ал, оларды күтіп-баптаумен 20-дан аса маман айналысады. Қаланың көркін аша түскен саябақпен тілшіміз толық танысып қайтқан болатын.