Түркістан
EN

Үкіметтің қаржылық жоспары орындалмай қалды

136
17.12.2024

Ел қазынасына түсуі керек 21 триллион теңге кірістің 19 триллионы ғана түскен. Қалған 2 триллион теңгенің жоспары орындалмаған. Бұл туралы бүгінгі үкімет отырысында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты. Жоспардың орындалмауына импорт көлемінің азаюы, негізгі экспорттық металдарға бағаның төмендеуі себеп болған көрінеді. Біржановтың айтуынша, жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 108%-ға атқарылған. Жоспар тіпті 525 млрд теңгеге асыра орындалыпты.