Биыл еліміздегі өңделген тауар экспорты 10,2 пайызға өсіп, 23,3 миллиард долларға жеткен. Тауар импортының көрсеткіші 3,3 пайызға кеміген. Ал, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,1 пайызға ұлғайып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысына Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Сондай-ақ, Үкімет басшысы президентке экономикалық өсімді қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру бойынша баяндама жасады. Барлық саланың жұмыс қарқынын тыңдаған соң, Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік салаларындағы оң динамиканы сақтау бағытында жұмыс істеу керек екенін айтты. Оған қоса, Мемлекет басшысы инвестиция тарту, импорт алмастыру мен азық-түліктің бағасын тұрақтандыруды бақылауға қатысты тапсырмалар берді.