Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Мәселен, бүгіннің өзінде Корея Респбуликасымен бірлескен ірі жобалар жүзеге аспақ. Бұл туралы өңірге іс-сапармен барған облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров айтты. Екі ел арасында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Корея Республикасы облыс орталығында бірқатар жобаларға қызығушылық танытып отыр.