Түркістан облысында ақжолтай жаңалық. Тәуелсіздік күніне орай әр ауданда түрлі насандар пайдалануға берілді. Соның – бірі 600 орынға шақталған білім ұясы. Су жаңа мектеп Манкент ауылдық округінде орналасқан. Оқу ғимараты 3 қабаттан тұрады. Заманауи үлгіде салынып, материалдық-техникалық базасы талапқа сай жабдықталған. Білім ордасының ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы келіп, жылы лебізін білдірді.