Түркістан
EN

Полиция ғимараты мен кәсіпкерлік нысанының жұмысымен танысты

77
17.12.2024

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына жұмыс сапарында бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарын аралап, жұмысымен танысты. Жақында тапсырылған нысандар мен жүзеге асырылған жобаларды қадағалады. Олардың қатарында жақында ашылған полиция пунктінің ғимараты бар. Қос қабатты ғимаратта тәртіп сақшыларының жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар, өңір басшысына ылғал және құрғақ майлықтар, құрғақ кір жуғыш ұнтақтар өндірілетін кәсіпорынның жұмысы таныстырылды. Мұнда 20 адам жұмыспен қамтылған. Облыс әкімі жоба жетекшілерінің ұсыныстарын тыңдап, жауапты басқарма басшысы мен аудан әкіміне кәсіпкерлікті дамытуды жүктеді.