Түркістан
EN

Түркістан облысында полиция 200 көлікке көмектесті

82
17.12.2024

Түркістан облысының басым бөлігіне қалың қар түсіп, жол көк тайғаққа айналды. Өңір полицейлері 12 сағат ішінде  қар құрсауында қалған 200 ге жуық жүк көлігіне көмектескен. Тәртіп сақшылары қазір күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Синоптиктердің айтуынша, облыстың оңтүстігі пен батысында, таулы аудандарда тұман байқалады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 8-13 метр, таулы асуларда секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде температура -11...-16, солтүстік және таулы аудандарда -20, күндіз -3°C пен +2 аралығында, солтүстік және таулы аудандарда -6 градусқа жетпек