Түркістан
EN

«Kultobe» медиа студиясы ашылды

309
13.12.2024

Түркістанда жақында ғана ашылған «Достық үйі» жаңа студиямен толықты. «Күлтөбе» деп аталатын медиа студия облыстық дін істері басқармасының қолдауымен ашылған. Мұнда өңірдегі рухани жаһандану, шығармашылық еркіндікті қолдау және жастар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге аспақ. Бұл тек медиа саласына ғана емес, жалпы өңірдің руханиятын байытуға да өз үлесін қосады. Сондай – ақ, студия толықтай  жаңа жиһаздармен және техникалармен қамтылған. Заманауи дауыс жазу мүмкіндігін пайдаланып, түрлі аудиоподкасттар жазылады.