Биыл қазақстандықтардың медициналық ұйымдарға қаралу саны артқан. Жыл басынан бері тұрғындар 103 млн-нан астам рет ақ халаттылардың көмегіне жүгініпті. Оның 81,3 миллионы емханадағы дәрігерлерге қаралса, 17,5 миллионы үй жағдайында емделушілер. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға көп. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.