Елімізде енді су тасқынынан қауіп сейіледі. Себебі апатты болжайтын ақпараттық жүйе әзірленіп жатыр. Ол ықтимал төтенше жағдайларды модельдейді және нақты болжамдар жасайды. Сондай-ақ ауыр зардаптарды алдын ала анықтайды. Одан бөлек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі 3,5 мың шақырым суару желілерінде цифрландыру жұмысы жүруде. 2024 жылдан 2026 жылға дейін Түркістан, Жетісу және Жамбыл облыстарындағы 16 суару каналы автоматтандырылады. Жүйе судың сапалы әрі дәл есебін қамтамасыз етеді.