Түркістан
EN

Түркістан облысында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асуда

43
13.12.2024

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды белгілі кәсіпкер Серікжан Сейітжанов пен ТСС компаниясының өкілдерін қабылдады. Отандық кәсіпкер өңірде 6 ірі жобаны бастап жатқанын айтты. Оның компаниясы ТСС корпорациясымен бірлесе Созақта жүзеге асырылатын жоба арқылы жүздеген жұмыс орынын ашуға септігін тигізбек. Қаратаудың етегінде фосфорды байытып, өңдейтін зауытқа инфрақұрылым мәселесі шешімін тапқан. Ондағы өнімнің 80 пайызы сыртқа экспортталады. Фосфорды өндіруде экологияға зияны жоқ технологиялар қолданылады деп күтіліп отыр. Оған қоса қос корпорация Түлкібас ауданынан тағы бір жобаны қолға алмақ.