Түркістан
EN

Түркістан облысында ішімдік шығаратын үш ірі заңсыз цех анықталды

57
12.12.2024

 Түркістан облысында ішімдік шығаратын үш ірі заңсыз цех анықталды. Қазір Келес, Төлеби аудандары мен Түркістан қаласында алкоголь өнімдерін дайындайтын және өткізумен айналысып келгендер іздетіріліп жатыр. Олар нарықта қымбат бағаланатын үш түрлі маркалы 32 мың дана алкоголь өнімдерін жасап шығарыпты. Сондай-ақ, 600 литр құрамында спирті бар сұйықтық тәркіленді. Заңсыз өнімдердің нарықтық құны 170 млн теңгеден асады. Аталған факті бойынша тергеп-тексеру жұмыстары басталды.