Қызылорда облысында есірткі зертханасы жойылды. 52 жастағы ер адам сарай ішін пластик фольгамен қаптап, есірткі өсірген. Полиция қызметкерлері тінту кезінде зертханадан 214 түп қарасора өсімдігін, кептірілген шөп тәріздес ерекше хош иісі бар заттарды тәркіледі. Сараптама нәтижесі бойынша, олардың жалпы салмағы 5,4 келіден астам кептірілген марихуана және 4,65 грамм гашиш екені анықталды. Айыпталушы 12 жылға бас бостандығынан айырылды.