Ұлытау облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынады. Бұл мақсатта Үкімет 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Себебі Мыңадыр стансасында жұмыс істеп тұрған мектеп осы аймақтағы жалғыз білім беру мекемесі. Ғимарат 1981 жылы салынып, 2000 жылдары қосымша кеңейтілген. Бүгінгі таңда мектеп шамадан тыс толған: жобадағы 60 орынның орнына мұнда 123 оқушы оқып жатыр. Химия, биология, физика және география бойынша зертханалық кабинеттер, спортзалы мен еңбек кабинеттері жоқ.