Түркістан
EN

Өңірде алкаголь өнімдерін қолдан жасағандар анықталды

55
29.12.2021

Алкоголь өнімін қолдан жасағандар құрықталды. Оқиға Сарыағаш ауданындағы Құркелес ауылында болған. Мамандармен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралар барысында жалған ішімдік өнімдерін шығаратын жасырын цех жойылды. 38 жастағы тұрғын белгілі арақ маркаларын жабыстырып, жұртты алдап келген. Оқиға орнын тінту барысында 930 есептік-бақылау маркасы, 2674 жарты литрлік түрлі бөтелке табылды. Құю мен жасауға арналған этикеткалар, қақпақтар және басқа да заттар тәркеленді. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.