Түркістан
EN

Көкөніс сақтайтын қойма пайдалануға берілді

128
11.12.2024

Түркістан облысында ірі көлемдегі көкөніс сақтау қоймасы пайдалануға берілді. Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде орналасқан нысанға 4 мың тоннадан астам тауар сыяды. 8 камерадан тұратын қойма арнайы мұздатқыштармен жабдықталған. Яғни, көкөністер мен өзге де өнімдерді жыл бойы әр түрлі температурада сақтауға болады. Бүгінде тұрақтандыру қорында жалпы құны  5 млн теңге болатын сегіз жарым мың тонна өнім бар. Оның 800 тоннасы дәл осы қоймада сақтаулы.