Түркістан
EN

Жетісайда жалпықалалық сенбілік өтті

160
11.12.2024

Түркістан облысы Жетісай қаласында жалпықалалық сенбілік өтті. Мыңнан астам тұрғын қатысқан шарада республикалық, облыстық маңызы бар автожолдар мен ішкі көшелердің бойы тазартылды. Жалпы "Таза Қазақстан" бағдарламасы басталғалы өңірде 1 милионға жуық ағаш отырғызылып, 3 400 тонна қоқыс шығарылған. Сондай-ақ, мониторинг жұмыстарының нәтижесінде 2 880 қоқыс үйіндісі анықталып, толық ретке келтірілген. Мамандар қыс мезгілінде де көше бойларындағы қозғалысты қамтамасыз етуге қажетті техникалар сақадай сай, дейді.