Түркістан
EN

Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттауы мүмкін

115
11.12.2024

«Жаңа жыл мерекесі кезінде азық-түлік бағасы қымбаттауы мүмкін». Бүгін Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап берген Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин осылай деді. Дегенмен, вице-премьер бұл уақытша құбылыс екенін, тауар бағасының өсуіне мереке кезінде тұрғындар сұранысының артуы себеп болатынын қоса кетті. Сондай-ақ ол елімізде өндірілетін азық-түлікке валюта бағамының өзгеруі әсер етпеуі тиіс деді